A+ A A-

talgatzhan 51 Бүгін, 17:40 0

Риддерде облыстық байқау өтті

Бүгін / Риддер

Бүгін кеншілер шаһарында Ахмет Байтұрсынұлы атындағы облыстық байқау ұйымдастырылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Іс-шараның басты мақсаты – өңірдегі тілдерді оқыту орталықтарының авторлық бағдарламаларын, ересектерге қазақ тілін тиімді үйрету әдістемелері бар оқытушыларды ынталандыру, қолдау және марапаттау.

Байқаудың міндеттері: қазақ тілінің ортадан жоғары (В2) деңгейін меңгертудің үздік тәжірибесін анықтау, оқытушылардың өзара тәжірибе алмасуына жағдай жасау, қазақ тілін меңгертудің озық авторлық бағдарламаларын тарату, ересектерге мемлекеттік тілді үйрететін шығармашыл әлеуеті бар оқытушылардың бәсекелестік ортасын қалыптастыру және оқытушылардың кәсіби біліктілігін жетілдіре отырып, ересектерге қазақ тілінен сабақ берудің сапасын арттыру.

Сайыс нәтижесі бойынша жүлделі үшінші орынды Самар аудандық тілдерді оқыту орталығының маманы Ардагүл Алтай иеленді. Екінші орынға Шемонаиха тілдерді оқыту орталығының өкілі Диана Абдрасулова лайық деп танылды. Бірінші орынға Ұлан аудандық тілдерді оқыту орталығының маманы Бақжан Елсінбек ие болса, бас жүлдені Шемонаиха тілдерді оқыту орталығынан келген Гүлбану Керейбаева жеңіп алды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
1 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив