A+ A A-

talgatzhan 42 Бүгін, 11:15 0

Самар ауданындағы 17 жастағы қыздың өлімі: көлік жүргізушісіне үкім шықты

Бүгін / Самар / Қылмыс

Бұл туралы журналист Сергей Васильев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісіп, Құлынжон ауылында болған жағдайдың мән-жайын жазды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Сонымен Шығыс Қазақстан облысы бойынша Самар аудандық сотында Құлынжон ауылында көлік қағып, көз жұмған 17 жастағы Гаухар Фархатқызының ісі бойынша үкім шықты.
Судья Г.Күдербаева марқұмды қаққан 36 жастағы ер адамға қауіпсіздігі барынша төмен колонияда 2,5 жылға оқшаулау жазасын тағайындады. Кінәліні сот залында қамауға алды.
Журналист бұл туралы осыдан бес ай бұрын жазғанын, содан бері бес сот отырысы өтіп, енді ғана қорытындысы шықанын жеткізді.
– Көлік жүргізушісі сот шешімі шыққанша өзінің айыбы жоқ екенін айтып бақты. Тіпті, сот отырысы басталмай тұрып, Tik tok желісінде өзіне тағылған айыппен келіспей, мінген көлігімен Өскеменге қарбыз бен мал етін апара жатқанын, соған сәйкес жылдамдықты арттырмағанын алға тартты. Бірақ сараптама кезінде оның ауыл ішінде екпінін бәсеңдетпегенін, қызды қаққанда сағатына 94 шақырым жылдамдықпен өткенін растады, – деді журналист.
36 жастағы ер адам жаяу жүргінші жолы болғанын да елемеген көрінеді.
– Ата-анасы егер айыпты ауыл ішінде сағатына 40-60 шақырым жылдамдықпен өтсе, қызын қағып өтпеуі мүмкін еді деп сенеді, – деп жазды журналист.
Ал қорғаушы тарап жол-көлік оқиғасының объективті сараптамасы облыстық Полиция департаментіне өтініш түскен соң барып, тергеуге полиция басшылығының араласуынан кейін жасалғанын айтқан. Яғни, бастапқысында қателіктер болған сыңайлы.

Асыл АЙТБАЕВ
Фото: sergeivasilev182 парақшасынан

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив