A+ A A-

talgatzhan 42 Бүгін, 12:40 0

ШҚО-да заңсыз алтын өндірудің жолы кесілді: 4 адам ұсталды

Бүгін / ШҚО / Қылмыс

Сәуір айында Күршім ауданының прокуратурасы ШҚО бойынша ҰҚКД және Күршім орман шаруашылығының қызметкерлерімен бірлесіп, Маралды ауылдық округінің «Көлшілік» учаскесінде рейдтік іс-шаралар жүргізу барысында заңсыз алтын өндіру фактісін анықтады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Пайдалы қазбаларды өндіру ауыр мамандандырылған техника мен спутниктік байланыс құралдарын қолдану арқылы жүзеге асырылғаны белгілі болды. 
- Қылмыс үстінде 4 адам ұсталды, оның ішінде Шығыс Қазақстанда заңсыз жүрген Өзбекстан Республикасының азаматы да бар. Шынжыр табанды экскаватор, автокөлік, мотоцикл, қымбат тұратын металл іздегіштер, қол құралдары және өзге де жабдықтар тәркіленді. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 295-1-бабымен қылмыстық іс қозғалды. Қазір істің барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде, - делінген Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасы баспасөз қызметінің мәліметінде.
Тергеу мүддесіне байланысты Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив