Өңірде «Бекет» жедел алдын алу шарасы аясында полиция қызметкерлері мал ұрлығы фактісінің жолын кесті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Майқапшағай – Зайсан тасжолын патрульдеу кезінде тәртіп сақшылары 43 жастағы ер адам тізгіндеген Mitsubishi Galant маркалы көлігін тоқтатқан.
- Көлікті тексеру барысында салоннан ілеспе құжаттары жоқ төрт бас ұсақ мал табылды. Тексеру нәтижесінде аталған малдың жергілікті тұрғыннан ұрланғаны анықталды. Алдын ала мәлімет бойынша күдікті малды сатпақшы болған, - делінген ШҚО Полиция департаментінің ақпаратында.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Ұрланған мал тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылды.
Пікірлер