A+ A A-

talgatzhan 4 Бүгін, 15:00 0

«TazaQazBot»-қа 44 мыңнан астам өтінім түскен

Бүгін / Республика

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық мәдениет және саясат департаментінің директоры Дәулет Есмағамбетов «Таза Қазақстан» акциясы аясында іске қосылған @TazaQazBot чат-ботының жұмысы туралы айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, чат-бот іске қосылғалы бері тұрғындардан 44 мыңнан астам өтінім келіп түскен.

– Негізгі өтінімдер аумақтарды тазалау, тұрмыстық қалдықтарды шығару, көшелерді абаттандыру және жолдарды жөндеу мәселелеріне қатысты болған. Бұл көрсеткіштер «Таза Қазақстан» акциясының азаматтарды экологиялық мәселелерді шешуге тартудың тиімді құралына айналғанын көрсетеді, – дейді департамент директоры.

Сондай-ақ чат-бот мемлекеттік органдар мен тұрғындар арасындағы кері байланысты күшейтіп, жергілікті жерлердегі экологиялық және санитарлық жағдайды жақсарту бойынша шараларды жедел қабылдайды.

– Қазір чат-боттың талдау жүйесін жетілдіру үстінде. Кейін сенбіліктер өткізілетін орындар, қоқыс шығару жұмыстары және өзге де экологиялық іс-шаралар туралы мәліметтерді жедел алуға мүмкіндік туады, – дейді Дәулет Есмағамбетов.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив