A+ A A-

talgatzhan 38 Бүгін, 15:30 0

ШҚО-да сот үлескерлер шығынын өндіріп беруден бас тартты

Бүгін / ШҚО

Сот Ермек Сұлтанбекұлы мен Айнаш Садықоваға 100 сағат қоғамдық жұмыс түріндегі жаза тағайындаған болатын. Алайда олардың үйқамақта өткізген уақыты жаза мерзімі болып есептелгендіктен, қоғамдық жұмысты өтеуден босатылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Сонымен қатар сот олардың әрқайсысының қылмыстық жауапкершілікке заңсыз тартылуына байланысты келтірілген залалды өтеуді талап ету құқығын мойындады. Дегенмен «Шаңырақ» тұрғын үй кешені үлескерлері мен кәсіпкерлердің серіктесі берген материалдық шығынды өндіру туралы азаматтық талап-арыздар қанағаттандырылмады. Талаптардың жалпы көлемі 114 миллион теңгеден асқан.
Әзірге сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Оған апелляциялық шағым түсіріледі. 

– Біз қабылданған шешіммен келіспейміз және ақтауға еш негіз жоқ деп санаймыз. Сондай-ақ жарыссөз барысында прокуратураның үлескерлерге қатысты айыптаудан бас тарту ұстанымына наразымыз. Осы бас тарту салдарынан жағдай азаматтық-құқықтық деңгейге өтті, – деді адвокат Ерлан Бекболов.

Еске салсақ, ірі компанияның директоры мен оның бауыры алаяқтық және дәлелдемелерді қолдан жасау баптары бойынша айыпталған болатын. Тергеу нұсқасына сәйкес олар көпқабатты тұрғын үй құрылысы жүріп жатқандай әрекет жасап, сол арқылы бизнес серіктесі мен үлескерлер қаражатын иемденуді көздеген.
Кейін анықталғандай, құрылыс жұмыстары қажетті рұқсат құжаттарынсыз басталған. Үлескерлер тіпті мемлекет басшысының атына да үндеу жолдаған.

Дильназ Сымбатова
Фотосурет ашық дереккөзден

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив