A+ A A-

talgatzhan 22 20-09-2024, 13:16 0

Өскеменде баланы көлік қағып кетті

Өскемен

Өскеменде жаяу жүргіншілер өткелінде баланы қағып кетті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Оқиға 19-қыркүйек күні түстен кейін Космический көшесінің бойындағы жаяу жүргіншілер өткелінде болды.
- ВАЗ 21144 автокөлігін тізгіндеген жүргізуші реттелмеген жаяу жүргіншілер өткелінде кәмелетке толмаған балаға жол бермеген. Оқиға салдарынан жарақат алған бала ауруханаға жатқызылды. Бұған дейін жүргізушілер аталған жаяу жүргіншілер өткелінің аймағында (стоматологияның жанында) белгі мен өткелдің дұрыс көрінбейтіндігін айтқан еді. Мүмкін, жүргізуші жаяу жүргіншіні уақытында байқамаған шығар, — деп хабарлады ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив