A+ A A-

talgatzhan 44 Бүгін, 11:05 0

Баланы мектепке дайындау үшін қанша қаражат керек?

Бүгін / Басты / Өскемен / Пайдалы

Жаздың соңғы айы ата-аналар үшін мектеп қамымен өтеді. Жаңа оқу жылы басталғанша баланың киім-кешегін түгендеп, сөмкесін алып, оқу құралдарын жинақтау қажет. Ұсақ-түйек көрінетін әр заттың өзі қосылғанда отбасылық бюджетке салмақ салатын қомақты шығынға айналады. Оның үстіне бір тауардың бағасы сауда орнына, сапасына және өндірушісіне қарай айтарлықтай өзгеруі мүмкін. Сондықтан кей ата-ана арзан әрі сапалысын іздеп, бірнеше дүкен мен сауда орнын араласа, енді бірі уақыт үнемдеу үшін барлық қажеттілікті бір жерден алғанды жөн көреді. Биыл мектепке қажетті тауарлардың бағасы қандай? Бір оқушыны жаңа оқу жылына толық дайындау үшін ата-ана қанша қаражат қарастыруы керек? Газет тілшісі Өскемендегі сауда орындарындағы бағаны салыстырып, мектеп оқушысына қажетті негізгі киім-кешек пен оқу құралдарының орташа құнын есептеп көрді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Қыз балаға:

Жейде – 9 000 теңге

Белдемше – 8 500 теңге

Сарафан –12 500 теңге

Спорттық киім – 18 000 теңге

Туфли –15 000 теңге

Спорттық аяқ киім –13 000 теңге

Ақ колготка – 1 500 теңге

Бантик – 1 000 теңге

Жалпы сомасы – 78 500 теңге

 

Ұл балаға:

Жейде – 11 000 теңге

Шалбар – 12 000 теңге

Костюм-шалбар – 15 000 теңге

Футболка – 7 000 теңге

Спорттық киім – 19 000 теңге

Туфли – 15 000 теңге

Спорттық аяқ киім – 11 000 теңге

Жалпы сомасы – 90 000 теңге

Кеңсе тауарлары:

Сөмке – 10 000 теңге

Дәптер – 30 теңге (10 данасы – 300 теңге)

Қалам – орташа бағасы 60 теңге (3 данасы – 180 теңге)

Қарындаш – 30 теңге (2 данасы – 60 теңге)

Өшіргіш – 150 теңге

Ұштағыш – 200 теңге

Сызғыш (30 см) – 350 теңге

Кітапқа арналған қаптағыш (10 дана) – 700 теңге

Дәптерге арналған қаптағыш (10 дана) – 500 теңге

Күнделік – 600 теңге

Пенал – 1500 теңге

Түрлі-түсті картон (8 түс) – 600 теңге

Түрлі-түсті қағаз (8 түс) – 500 теңге

Сурет салуға арналған альбом – 500 теңге

Акварель бояулар (12 түс) – 800 теңге

Түрлі-түсті қарындаш (12 түс) – 600 теңге

Қайшы – 300 теңге

Желім – 250 теңге

Фломастер (12 түс) – 1000 теңге

Ермексаз (12 түс) – 1000 теңге

Жалпы сомасы – 20 090 теңге


Қорыта айтқанда, жаңа оқу жылына бір оқушыны толық дайындау үшін қыз балаға шамамен 98 590 теңге, ал ұл балаға 110 090 теңге қажет. Бұл – орташа бағалар негізінде есептелген сома. Әрине, отбасының қаржылық мүмкіндігіне қарай сапасы жоғары, бағасы қымбатырақ тауарларды таңдауға да болады. Сонымен қатар кей ата-ана былтырғы оқу жылынан қалған, жарамды киім-кешек пен оқу құралдарын қайта пайдаланып, шығын көлемін азайтуы мүмкін. Мектепке дайындыққа жұмсалатын қаржы әр отбасының мүмкіндігі мен қажеттілігіне қарай әртүрлі. Әсіресе бір шаңырақта мектепке баратын бір емес, бірнеше бала болса, бұл отбасы бюджетіне түсетін салмақты айтарлықтай арттырады. Сондықтан жаңа оқу жылы қарсаңындағы шығынның нақты көлемі әр отбасы үшін әрқалай қалыптасады.

Ұлжан СЕЙІТХАНОВА

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив