A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 16:30 0

Өскеменде есепте тұрған 150-ге тарта адам тәртіп сақшыларының бақылауында

Бүгін / Республика

Қалада «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында есепте тұрған адамдармен жұмыс күшейтілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Аталған іс-шара 18-21 тамыз аралығында жалғасады. Осы ретте Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаментіндегі Сол жағалау аудандық пробация қызметі профилактикалық жұмысқа ерекше ден қойып жатыр.
Қазір онда 147 азамат есепте тұр. Әрқайсысының белгіленген міндеттерді орындап, қоғамдық тәртіпті сақтауы бақылауда. 
– Мұндағы басты мақсат – құқық бұзушылықтың алдын алып, есепте тұрған азаматтардың қайта қылмыс жасауына жол бермеу. Әр адам заң талаптарын сақтап, қоғам алдындағы жауапкершілігін сезінуі қажет, – дейді Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаменті Сол жағалау аудандық бөлімі басшысының міндетін атқарушы Гүлжан Мұхтарбекқызы.
Ал Сол жағалау аудандық пробация қызметі бөлімінің аға лейтенанты Каим Ожикановтың сөзінше, есепте тұрған азаматтардың әлеуметтік жағдайы, жұмыспен қамтылуы және белгіленген міндеттерді орындауы назарда. 
– Құқықтық тәртіпті сақтау – қоғам қауіпсіздігінің кепілі. Заңды құрметтеп, жауапкершілікпен әрекет ету – әр азаматтың міндеті, – деді ол.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив