Қазақстанда 20-22 тамыз аралығында ауа райы құбылмалы болады. Елдің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, ал батыс өңірлерде қатты ыстық сақталады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.
Атмосфералық фронттардың әсерінен найзағай түсіп, жел күшейеді және бұршақ жауады. 21 тамызда шығыста қатты жаңбыр жауады деп болжануда.
Сонымен қатар Қазақстанның батысы мен оңтүстік-шығысында күн ыстық болады. Орталық пен шығыста сынап бағанасы +17…+30°C болады деп күтілуде.
Пікірлер