A+ A A-

talgatzhan 24 20-09-2024, 17:07 0

Өскеменде көлік қаққан жасөспірім көз жұмды

Өскемен

Өскемен қаласында көлік қағып кеткен жасөспірім ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға 19 қыркүйек күні Тоғас көшесінде болған.

«Lada Granta көлігінің жүргізушісі реттелмеген жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан 2005 жылғы жасөспірімді қағып кеткен. Ауыр жараланған ол шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Дәрігерлер қолдан келгенін істегенімен жасөспірім медициналық мекемеде көз жұмды. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалған.

Жол апатына себепкер болған көлік жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив