A+ A A-

talgatzhan 14 4-09-2024, 09:15 0

Өскемендегі жанбай тұрған жарық шамдар мәселесі: 428 көшедегі шамдар қайта жанды

ШҚО

Өскемен қаласында 428 көшеде жанбай тұрған 4 мыңнан астам жарық шам қайта іске қосылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.


Өскемендегі жарықтандыру жүйесін жаңғырту жұмыстары осыдан бірнеше жыл бұрын басталған. Ескірген 16 мың шамды ауыстыру жоспарланған еді. Алайда жұмыс созбалаңға салынып, тұрғындар жарық шамдардың үнемі жанбай тұратындығына, соның салдарынан қас қарайғанда көшеде жүрудің қолайсыздығына жиі шағымданды.


ШҚО Өңірлік мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығының хабарлауынша, қазіргі уақытта жарық шамдар мәселесі шешіліп келеді.


«Осы жылдың мамырынан қыркүйек айына дейін Өскемен қаласында 428 көшедегі 4049 жарық шамы қалпына келтірілді.  Ең алдымен, мектептердің, ауруханалардың, мемлекеттік мекемелердің жаяу жүргіншілер өткелдеріндегі шамдар іске қосылды. Ал осыған дейін басты міндет - орталық көшелер мен әлеуметтік нысандар маңындағы шамдарды жөндеу болған. Енді жер үйлер көшелеріне ден қойылып отыр», - делінген ақпаратта.



Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив