A+ A A-

talgatzhan 43 Бүгін, 10:50 0

Өскеменде есірткі тасымалдған ер адам ұсталды

Бүгін / Өскемен

Облыс орталығындағы саяжай алқаптарының бірінде 51 жастағы ер адам есірткі тасымалдаумен айналысты деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

ШҚО Полиция департаментінің мәліметінше, күдіктінің көлігі мен оқиға орнына жүргізілген тінту кезінде шамамен екі келі есірткі заты тәркіленді. 
Тергеу деректері бойынша ер адам бір ай бұрын Алматыда TikTok әлеуметтік желісі арқылы интернет-дүкенге жеткізуші болып жұмысқа орналасқан. Сәуір айында куратордың тапсырмасымен Өскеменге тыйым салынған заттарды жеткізіп жүрген.
Мамыр айында ол куратордың нұсқауымен облыс орталығына қайта келіп, өзімен бірге екі келіге жуық есірткі алып келді деген болжам бар.
Қазір аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив