Бұл туралы ШҚО Білім басқармасының өкілдері мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ата-аналар мемлекеттік қызметті OQU ұлттық білім беру платформасы немесе Электрондық үкімет порталы арқылы онлайн түрде ала алады. Ол үшін электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) қажет.
Білім басқармасының мәліметінше, өтініштер тәулік бойы қабылданады. Сондықтан ата-аналар немесе заңды өкілдер үйден шықпай-ақ онлайн режимде өтінім жолдай алады.
Құжат тапсыру үшін порталға кіріп, арнайы өтініш формасын толтырып, қажетті құжаттарды тіркеу қажет.
Пікірлер