Облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы бұзақылық жасаған екі қала тұрғынының апелляциялық шағымын қарады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Сот материалдарына сәйкес 23 ақпан күні кешкі уақытта мас күйдегі екі ер адам қаладағы дүкендердің бірінің маңында жанжал шығарған.
Олар қоғамдық тәртіпті сақтауды талап еткен күзетшіге күш қолданып, кейін араша түсуге тырысқан кездейсоқ тұрғынға да дөрекілік танытқан.
Бұған дейін бірінші сатыдағы сот оларды кінәлі деп танып, әрқайсысын үш жылға бас бостандығынан айырған еді.
Алайда сотталғандар үкіммен келіспей, апелляциялық шағым түсірді. Сот алқасы іс материалдарын зерттеп, тағайындалған жаза жасалған құқық бұзушылықтың ауырлығына сай келеді деген қорытындыға келді.
Нәтижесінде бірінші сатыдағы соттың үкімі өзгеріссіз қалды.
Пікірлер