Жабдықтар антенналық-діңгекті құрылымдар (АДҚ) түрінде орманды аумақтардағы өрт ошақтарын жедел анықтауға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Мұрат Құсайыновтың сөзінше, өртті ерте анықтау жүйелері тоғыз орман шаруашылығында іске қосылады.
- Барлығы 90 антенналық-діңгекті құрылым қойылады. Олар түтін нүктесін анықтап, ақпаратты орталық диспетчерлік пунктке жіберу қағидаты бойынша жұмыс істейді. Мұндай діңгектер бізге қажет, себебі өңірдің жер бедері таулы болғандықтан өртті дер кезінде анықтау әрдайым мүмкін бола бермейді. Жабдықтар облыс әкімдігінің келісімімен Өнеркәсіпті дамыту қоры арқылы сатып алынуда. Аймақта мұндай құрылымдар алғаш рет орнатылады. Бұған дейін осындай жүйелер Бурабайда, Абай және Павлодар облыстарында іске қосылды, – деді Мұрат Құсайынов.
Маусым және шілде айларында діңгектер Ұлан және Самар аудандарында орнатылады. Қалған құрылымдарды жыл соңына дейін және келесі жылы кезең-кезеңімен орналастыру жоспарланған.
Пікірлер