A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 09:50 0

ШҚО-да алаяқтарға алданған студент 78 мың теңге айыппұл арқалады

Бүгін / ШҚО

Шемонаиха аудандық соты жергілікті колледж студентіне қатысты қылмыстық істі қарады. Ол өз банк шотын бөгде адамға заңсыз бергені үшін кінәлі деп танылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Сот материалдарына сәйкес, 2025 жылдың қыркүйегінде студент Telegram мессенджері арқылы белгісіз адаммен байланысып, 6 мың теңге сыйақы үшін өзінің банк шотына кіруге рұқсатын берген.
Кейін алаяқтар WhatsApp желісіндегі бұзылған аккаунт арқылы жәбірленушіні алдап, оның 280 мың теңгесін аталған есепшотқа аудартқан.
Сот отырысында айыпталушы өз кінәсін толық мойындап, жасаған әрекетіне өкінетінін айтты. Оның сөзінше, банк шотының алаяқтық мақсатта қолданылуы мүмкін екенін білмеген.
Жаза тағайындау кезінде сот студенттің бұрын сотталмағанын, жас екенін, оқу орнында білім алып жүргенін, сондай-ақ кінәсін мойындап, өкінгенін ескерді.
Нәтижесінде сот оны кінәлі деп танып, 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 78 640 теңге айыппұл салды. Сонымен қатар, ол жәбірленушілерге өтемақы қорына 19 660 теңге төлеуге міндеттелді.
Сот хабарлауынша, жәбірленуші келтірілген материалдық шығынды өндіру үшін азаматтық талап қоюға құқылы. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив