Жібек маталар комбинаты шағын ауданында салынып жатқан 300 орындық көпсалалы аурухана аумағында жарылыс жұмыстары өтпек, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Мердігер ұйым мәліметінше, жоспарлы жұмыс сағат 14:00-де басталады. Төтенше жағдайлар туындамаса, жарылыс ұзақтығы шамамен бір сағатқа созылады.
Қауіпсіздікті сақтау мақсатында мердігер компания үйлері сол маңда орналасқан тұрғындарды алдын ала хабардар еткен. Сонымен қатар жұмыс басталар алдында тұрғын үйлер маңында арнайы қызметкерлер болады. Ол тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, туындаған сұрақтар бойынша көмек көрсетеді.
Пікірлер