A+ A A-

talgatzhan 1 Кеше, 20:20 0

Елде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік түрлері арзандады – Өскемендегі жағдай қалай?

Бүгін / Өскемен

24 маусымдағы жағдай бойынша есепті аптада Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Ең көп арзандаған өнім – қызанақ, оның бағасы 5,5% төмендеді. Сондай-ақ І санаттағы жұмыртқа (-1,3%), қияр (-1,3%), пастерленген сүт (-0,2%), майлылығы 2-3% айран (-0,2%), майлылығы 5-9% сүзбе (-0,2%), қара шай (-0,2%), сондай-ақ ажарланған күріш және балғын, салқындатылған және мұздатылған балық, қаймақ, алма және ас тұзының бағасы (әрқайсысы -0,1%) төмендеді.

Өңірлер бөлінісінде дефляциялық үрдіс еліміздің бірқатар қалаларында байқалды. Бір апта ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының жалпы баға деңгейі Қонаевта (-0,5%), Көкшетауда (-0,4%), Павлодарда (-0,3%), Шымкентте, Атырауда және Петропавлда (әрқайсысы -0,2%) төмендеді. Ал Қостанай, Қызылорда, Семей, Тараз және Өскемен қалаларында бағалар өткен апта деңгейінде сақталды.

Фото: qazstat

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив