A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 20:30 0

Қазақстанның туристік саласы тұрақты өсімді көрсетуде

Бүгін / Республика

Осы жылғы бірінші тоқсан қорытындысында елге 3 млн шетелдік саяхатшы келсе, шетелге шыққан Қазақстан азаматтарының саны 2,47 млн адамды құрады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Ресми ақпаратқа сәйкес, 2025 жылдың қорытындысында республикаға 15,7 млн шетелдік келген. Мамандар бұл көрсеткіш 2024 жылмен салыстырғанда 3,1% көп екенін алға тартты. Мәлім болғандай, шетелдік қонақтардың негізгі ағынын дәстүрлі түрде көршілес елдер қалыптастырады. Ең көп келуші Өзбекстаннан – 1,1 млн адам. Одан кейін Қырғызстан – 723,5 мың адам және Ресей – 564,7 мың адам.
– Сонымен қатар елдің туристік инфрақұрылымы да дамуын жалғастыруда. 2026 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстанда қонақүйлерді, демалыс базаларын және басқа да орналастыру нысандарын қоса алғанда, 4 505 орналастыру нысаны жұмыс істеді. Бір жыл ішінде олардың саны 192-ге артты, – делінген ақпаратта.
2026 жылдың қаңтар-наурыз айларында орналастыру орындарында 2 млн қонақ тоқтаған. Оның ішінде 802 мыңнан астам адам Қазақстанның курорттық аймақтарын таңдады.

Ең танымал курорттық бағыттар:

1) Алматы тау кластері – 509,3 мың келуші;
2) Щучинско-Бурабай курорттық аймағы – 116,7 мың адам;
3) Маңғыстау курорттық аймағы – 53,3 мың адам;
4) Түркістан туристік аймағы – 39,4 мың адам;
5) Алтай курорттық аймағы – 30,3 мың адам.
 
2026 жылдың бірінші тоқсанында орналастыру орындары көрсеткен қызметтердің көлемі 69,4 млрд теңгеге жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,9% артты. Жалпы, Қазақстанда қонақүй секторы да бірқалыпты жалғасуда. Бүгінде елде 23 бес жұлдызды, 45 төрт жұлдызды және 26 үш жұлдызды қонақүй жұмыс істейді.

Фото: dknews.kz

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив