Бүгін БАҚ қызметкерлері күніне орай Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі өткізген салтанатты іс-шарада ұжымда екі бірдей қуанышты жаңалық болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Алдымен Шығыс Қазақстан облыстық «Менің өлкем» газеті мен Buqara.kz сайтының директоры Ерболат Мұқажанов Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның Жарлығымен «Еңбек ардагері» төсбелгісіне ие болды. Одан бөлек, осы редакцияның бас редакторы Әділхан Есімханов облыс әкімі Нұрымбет Сақтағановтың Алғыс хатын иеленді.
– Кәсіби мереке қарсаңында министрден марапат бұйырғанына бек қуаныштымын. Қолдау білдіріп, еңбегімізді бағалаған облыс басшысы Нұрымбет Сақтағановқа зор алғыс білдіремін. Мереке құтты болсын!, – деді Ерболат Мұқажанов.
Өз тілшіміз
Пікірлер