A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 11:50 0

Олимпиада жүлдегері Денис Уланов жаңа қызметке тағайындалды

Бүгін / Алтай

Рио Олимпиадасының қола жүлдегері, шығысқазақстандық зілтемірші Денис Уланов бұдан былай өзі туған Алтай қаласындағы спорт мектебінде жұмыс істейді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Ауыр атлетикадан ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері туралы соңғы жылдары ақпарат легі көп айтыла бермегені рас. Бірақ ол туған жерінде, өзіне жақын спорт саласында тер төгіп жатқан болатын. Ал әу баста ұсынылған мәліметпен облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасы өкілдері бөлісті. 
– Денис Уланов «Алтай қаласының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КММ директорының міндетін атқарушы болып тағайындалды. Спортшы үшін Алтай қаласының БЖСМ-і өте таныс, ол осы жылдың қаңтар айынан бастап аталған мекемеде ауыр атлетикадан жаттықтырушы-оқытушы болып жемісті еңбек етіп келеді, – делінген ақпаратта.
Денис Уланов – Шығыс Қазақстан спорт мектебінің түлегі, Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша түлегі. Оның еншісінде Ұлттық құрама сапындағы көпжылдық табысты мансабы бар.
– Оның мол олимпиадалық тәжірибесі, жоғары кәсібилігі мен спорт саласын жақсы білуі мектеп жұмысын жаңа деңгейге көтеріп, болашақ чемпиондарды тәрбиелеп шығаруға септігін тигізетініне сенімдіміз, – делінген ақпаратта.

Фото: Tengrinews.kz

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив