A+ A A-

talgatzhan 33 Бүгін, 12:15 0

Өскемен тұрғыны мотоциклмен аударылып, көз жұмды

Бүгін / Өскемен

Қайғылы оқиға 28 маусымда Ұлан ауданы аумағында болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Анықталғандай, Алғабас ауылынан Тарғын ауылына қарай Husqvarna 901 Norden мотоциклімен келе жатқан Өскемен қаласының 50 жастағы тұрғыны аударылып қалған. Ер адам оқиға орнында тіл тарпай кетті.

– Ол оқиға орнында қайтыс болды. Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлігіне (абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, – деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив