4 шілде күні Белоусовка кентінде спорттық балық аулау бойынша облыстық чемпионат басталады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Қатысу үшін 2 шілдеге дейін өтінім беру керек.
– 2 шілдеге дейін 8-705-900-43-50 (WhatsApp) телефоны арқылы өтінім беру керек. Жарыс командалық түрде өтеді. Команданың (үш спорттық балықшы) қатысу ақысы – 15 000 теңге. Қаражат тоғанды жалға алып, жарысты ұйымдастыруға жұмсалады, – деді ШҚО Спорттық балық аулау федерациясы өкілдері.
Пікірлер