19 қыркүйекте Тоғас көшесінде көлік қаққан жаяу жүргінші көз жұмған. Қазір сол жерге бағдаршам қойылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
20 қыркүйек күні кешке жергілікті тұрғындар жол бойына шығып, көлік қозғалысына бөгеді. Олар көше аумағына бағдаршам мен жарық орнатуды талап етті.
Оқиға орнына қалалық әкімдік өкілдері мен полиция қызметкерлері келді. Нәтижесінде сол күні түнде бағдаршам тез арада іске қосылды.
Сонымен қатар барлық жаяу жүргіншілерге арналған жолдардағы белгілер жаңартылды.
Айта кетейік, 20-27 қыркүйек аралығында облыс орталығында «Жаяу жүргіншілер өткелі» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.
Фотосурет: "Таза Өскемен"
Пікірлер