A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 09:55 0

Өскемен қаласының бас жоспарына өзгерістер енгізілді

Бүгін / Өскемен

Бас жоспарды жаңарту барысы туралы қала басшысы Алмат Ақышов пен облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Баяхметов талқылады, деп хабарлайды  Buqara.kz сайтының тілшісі.

Бұл туралы Алмат Ақышов әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. 
Бас жоспар - шаһардың ұзақ мерзімді дамуын анықтайтын негізгі қала құрылысының құжаты. Онда негізгі бағыттар көрсетілген. Яғни, тұрғын үй құрылысы, мектептерді, балабақшаларды, ауруханаларды орналастыру, көлік және коммуналдық инфрақұрылымды дамыту, қоғамдық әрі демалыс аймақтарын құру, қалалық кеңістікті ұтымды пайдалану.
Қала әкімінің айтуынша, облыс орталығының қазіргі жағдайын, халық санының өсуін, қолданыстағы инфрақұрылымды және болашақ даму үрдісін ескере отырып, жаңа жоспарлау шешімдері әзірленуде.
– Негізгі мақсат - Өскеменнің тұрақты және үйлесімді дамуын қамтамасыз ету және тұрғындар үшін жайлы қалалық орта жасау, - деді әкім.
Атап айтқанда, қаланың сол жағалау бөлігін оң жағалау бөлігімен байланыстыратын жаңа көлік желілері мен көпір салу мәселесі талқыланды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив