A+ A A-

talgatzhan 55 Бүгін, 11:45 0

ШҚО-да жабайы аңдардың елдімекендерге жақындауы жиіледі

Бүгін / ШҚО

ШҚО Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының өкілдері тұрғындарды қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Басқарма мамандары орманды, таулы және далалы аймақтарда болған кезде өте сақ болуды ескертті.
– Егер сіз жабайы жануарды кездестірсеңіз, оған жақындамаңыз, жануарды ашуландырмаңыз және оны қуып жіберуге тырыспаңыз. Тұрмыстық қалдықтарды ашық жерде қалдырмаңыз және қоқысты тез арада алып тастаңыз, себебі жиналған қалдықтар жабайы жануарларды елдімекендерге тартуы мүмкін. Егер жабайы жануар елдімекенге жақындаса, оның орналасқан жері туралы дереу тиісті органдарға хабарлаңыз, - делінген ресми мәліметте.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив