A+ A A-

talgatzhan 116 Бүгін, 16:00 0

Ұстаздар мен тәлімгерлер жоғары мемлекеттік наградалармен марапатталды

Бүгін / Республика

Шәкірттері беделді халықаралық жарыста топ жарған ұстаздар мен тәлімгерлер жоғары мемлекеттік наградалармен марапатталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен білім беру саласындағы аса үздік жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін Астана қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің мұғалімі Мейрамгүл Кенжехановаға, Алматы қаласындағы №134 лицей мұғалімі Ирина Нестеренкоға – «Құрмет» ордені, «Edlight Academy» әдіскері Жанболат Жолгелдиевке, Қарағанды қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің мұғалімі Қарлығаш Жолдыбаеваға, «Haileybury Almaty» мектебінің мұғалімі Владимир Жукке берілді.

Сонымен қатар Өскемен қаласы Білім-инновация лицейінің мұғалімі Айгүл Сейітдәулетке – «Ерен еңбегі үшін» медалі, Қызылорда қаласындағы Білім-инновация лицей-интернатының мұғалімі Батыр Жарқынға, Талдықорған қаласындағы №24 лицей мұғалімі Меруерт Абаеваға, Павлодар қаласындағы Білім-инновация лицей-интернатының мұғалімі Олжас Әмзеевке, Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің мұғалімі Бақыт Мамышевке «Шапағат» медалі берілді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив