A+ A A-

talgatzhan 52 30-09-2024, 11:03 0

Елдегі ең қымбат сары май Өскеменде сатылады

Өскемен

Биыл маусымда шыққан статистикаға сенсек, республика көлемінде сары май бағасының өскені байқалды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Kazinform-ға сілтеме жасап.

Осы айдағы (қыркүйек) мәліметке сүйенсек, Астанадағы дүкендердің сөрелерінде бір келі табиғи сары майдың бағасы өндірушіге байланысты 2500 теңгеден 6900 теңгеге дейін барады.
Түркістанда бір келісі 3500-4000 теңге тұрады, Қарағандыда 5500 теңге, ал қол майының келісі 6500-7000 теңгеден сатылып жатыр. 
Аталған сүт өнімінің келесі өңірлердегі бағасы шамалас, яғни Атырау мен Алматыда бір келі сары май (өндірушіге байланысты) 3800-7000 теңге аралығында, Қонаев қаласында 3900 теңгеден, ал Шымкентте бір келі сары майға 4000 теңге жұмсайсыз.
Қостанай тұрғындары сары майдың келісін 4000-6500 теңге аралығында сатып алып жатыр.
Таразда бір келі сары майдың бағасы 4500 теңгеден басталады, ал Талдықорғанда 4500-5000 теңгеден сатылады.
Ақтау дүкендерінде бұл өнімнің бағасы біршама қымбат, яғни келісі 4700-5000 теңге, сондай-ақ Павлодар мен Көкшетау дүкендерінде де арзан емес, бір келі сары майға 5000-6000 теңге төлейсіз.
Петропавлда майдың келісі 5500 теңге, ал Ақтөбеде келісі 5500-6000 теңгеден сатылады. Қызылорда тұрғындары үшін сары май бағасы 5600 теңгеден басталады.
Елімізде ең қымбат сары май Орал, Жезқазған, Семей және Өскемен қаласында сатылады екен. Аталған өңірлерде баға – 6000 теңге.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив