A+ A A-

admin 27 8-10-2024, 12:00 0

Өскемен тұрғындары жарықшамдардың күндіз бостан-бос жанып тұрғанына шағымданды

Өскемен

Қала тұрғындары көшедегі жарықшамдардың күндізгі уақытта бостан босқа жанып тұратындығын жиі айтып жатады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Кеше Жібек маталар комбинаты ықшам ауданындағы Көкжал Барақ көшесінде жарықшамдардың жанып тұрғандығы байқалған.
Бұның себебін Өскемен қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінен түсіндіріп берді.
- Жарық желісіндегі ақауларды анықтау мақсатында күндізгі уақытта кей көшелерде жарықшамдары жағылады. 7 қазан күні осындай тексеру жұмыстары Көкжал Барақ көшесінде жүргізілді, - деп хабарлады бөлім мамандары.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив