Облыс орталығында соңғы уақытта қоғамдық көлікте жол ақысын төлемейтін жолаушылар саны өскен, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
"Өскемен жолаушылар тасымалын басқару орталығы" ЖШС директоры Арман Ысқақовтың айтуынша, соңғы уақытта қаладағы қоғамдық көліктерде жол ақысын төлемейтіндерге салынған айыппұлдардың саны артты. Жазда айыппұлдардың орташа саны 10-15 болса, қазір 50-ге жеткен.
— Кейде кондукторлар қашып бара жатқан билетсіз жолаушыларды қуа жөнеледі. Біз полиция қызметкерлерімен бірге бұл мәселені пысықтап жатырмыз, — деді ол.
Жол жүру ақысын төлемеген жолаушы анықталса, бақылаушы (ревизор) билетсіз жүрген адамды әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін "102" арнасына қоңырау шалады. Қоғамдық көлікте жол ақысын төлемегендер үшін айыппұл 2 АЕК құрайды.
— Айыппұлдар санын көбейту ойымызда жоқ. Біздегі басты мақсат — қоғамдық көлікке кіргендердердің 100%-ы жол ақысын төлесе дейміз. Жүргізушілер мен кондукторлардың жалақысы, кәсіпорынның рентабельділігі, жалпы бюджеттік қаражат осы кіріске байланысты. Яғни, жолаушылар неғұрлым аз жүрсе, саланы субсидиялау көлемі соғұрлым аз болады, — деп түсіндірді Арман Асқақов.
Пікірлер