
ҚР Альпинизм және жартасқа өрмелеу федерациясы ынтымақтастық ауқымын кеңейтпек
ҚР Альпинизм және жартасқа өрмелеу федерациясы (ФАС) халықаралық ынтымақтастық жөніндегі сарапшы, JA SA басшысы Флорент Блазермен, Швейцария, Лозаннамен өтеусіз негіздегі серіктестік туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі kazinform сайтына сілтеме жасап.
Федерацияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, келісім альпинизм, жартасқа өрмелеу, ски-альпинизм және мұзға өрмелеу бойынша халықаралық байланыстар мен жобалар саласындағы ынтымақтастықты дамытуға, сондай-ақ халықаралық іс-шараларды, бағдарламалар мен перспективаларды басқаруды жетілдіруге бағытталған.
Ынтымақтастықтың негізгі мақсаты - федерацияның альпинизммен, спорттық жартасқа өрмелеу және мұзға өрмелеумен айналысатын шетелдік ұйымдармен халықаралық байланыстарын нығайту; қазақстандық спортшылар мен жаттықтырушылардың даярлық деңгейін арттыру үшін халықаралық тәжірибе мен сараптама тарту, халықаралық жарыстарды, конференцияларды, оқу-жаттығу лагерлері мен семинарларды ұйымдастыру.
Серіктестер халықаралық тәжірибе, білім және технологиялармен алмасу, федерацияның халықаралық спорттық және білім беру бағдарламаларына қатысуы бойынша консультациялар, қазақстандық спортшылар мен жаттықтырушыларға халықаралық іс-шаралар мен жарыстарға сапарларды ұйымдастыруға жәрдемдесу бойынша негізгі мәселелерді талқылады.
Олимпиада жүлдегерлерімен кездесуде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев чемпиондарды марапаттарымен құттықтап, бірқатар күрделі мәселеге тоқталып, жаттықтырушылар базасын нығайтып, шетелдік жаттықтырушыларды шақыру қажеттігін атап өтті.
Федерация штабы барлық ұйымдастыру және үйлестіру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіп келеді, бұл жаттықтырушылар мен спортшылардың оқу-жаттығу процесіне терең бойлауына мүмкіндік береді. Будапештте өткен іріктеу ойындарында федерацияның үш спортшысы жоғары нәтиже көрсетіп, Әмір Маймұратов Олимпиада лицензиясын жеңіп алды.
Бұған дейін хабарланғандай, биылғы жылы Олимпиада ойындарының тарихында тұңғыш рет Парижде өткен Олимпиадада қазақстандық спортшымыз Әмір Маймұратов «Жылдамдық» түрінен спорттық өрмелеуден әлемнің ең мықты бес спортшысының қатарына енді.
Іріктеу жарысының бірінші күні Әмір 4.89 көрсеткішпен Олимпиада рекордын жаңартып, 15 метрлік өрмелеу қабырғасына көтеріліп, ширек финалға шықты.
Бұл жетістікті Мемлекет басшысы олимпиадашылармен кездесу барысында атап өтті.
Биыл олимпиадада алғаш рет ұсынылған жартасқа өрмелеуден спортшыларымыз керемет нәтиже көрсетті. Қалай болғанда да, жасына және бұрынғы сіңірген еңбегіне қарамастан әркім өзінің осы медальдарды иеленуге құқылы екенін дәлелдеді. Кейбіреулер үшін бұл үлкен спорттық жетістіктер әлемінің бастамасы ғана. Олардың есімдерін әлі талай естіп, осы салтанат залында тағы көретініміз анық, – деді Президент.
Бұл федерация үшін жаңа жаһандық міндеттер тудырады. Спортты дамытуға күш-жігер жұмсалған сайын, спортта жаңа жұлдыздардың пайда болу мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады. Федерация әу бастан нәтижеге бағытталған және өз жұмысында спортшыларды дайындау орталықтарының өңірлік және халықаралық желісімен заманауи инфрақұрылымды дамытуға, әлемдік деңгейдегі турнирлер мен чемпионаттарға қатысу үшін халықаралық серіктестік келісімдерін жасауға ерекше көңіл бөледі.
Бұл федерация үшін жаңа жаһандық міндеттер тудырады. Спортты дамытуға күш-жігер жұмсалған сайын, спортта жаңа жұлдыздардың пайда болу мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады. Федерация әу бастан нәтижеге бағытталған және өз жұмысында спортшыларды дайындау орталықтарының өңірлік және халықаралық желісімен заманауи инфрақұрылымды дамытуға, әлемдік деңгейдегі турнирлер мен чемпионаттарға қатысу үшін халықаралық серіктестік келісімдерін жасауға ерекше көңіл бөледі.
Соңғы жаңалықтарды ресми Instagram арнамыздан оқыңыз!
ТіркелуПайдалы

Руханият

Жұлдыз жорамал

Пікірлер