Қазақстан көкжөтелдің 1,8 млн доза вакцинасын сатып алған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі kazinform сайтына сілтеме жасап.
«Үкімет Қаулысы бойынша балаларға көкжөтел вакцинасын салу 7 жастан басталады. Тегін кепілдендірілген медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында екпенің үш түрі сатып алынады – Гексаксим, Пентаксим, АбКДС», - дейді Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің вакцина арқылы реттелетін инфекцияларды бақылау басқармасының басшысы Нұршай Әзімбаева. Оның сөзінше, 2024 жылға деп Гексаксим вакцинасының 700 000 дозасы сатып алынған. 8 айдың ішінде 437 мың бала екпе алған. • Екпенің бірінші дозасын 1 жасқа дейінгі 222 мың бала; • Екінші дозасын 215 мың бала алған. Ал Пентаксимнің 760 мың дозасы сатып алынған. Оны екі жасқа дейінгі 435 мың бала салған. • Бірінші дозаны 215 мың бала; • Екінші дозаны 2 жасқа дейінгі 220 бала алған. Ал 6-7 жастағы балаларға арнап АбКДС вакцинасының 360 мың дозасы сатып алынған. Қаңтардан бері бұл вакцина 213 мың балаған салынған. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, елдегі көкжөтелмен ауырған балалардың 80-90 пайызы екпе алмағандар.
Пікірлер