A+ A A-

talgatzhan 23 10-10-2024, 09:00 0

Офицерлер мен сарбаздардың ата-анасына арналған WhatsApp чаттар не үшін құрылды

Республика

ҚР Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі Руслан Жангулин Қазақстан армиясында әскерге шақырылғандардың ата-аналарымен WhatsApp чаты неліктен құрылғанын түсіндірді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

«Сарбаздар әскери бөлімге келгеннен бастап, әскери борышын аяқтағанға дейін командирлердің қамқорлығында болады. Сонымен қатар, қазір ата-аналар мен сарбаздарға жауапты офицерлердің арнайы чаттары ашылды. Бұл тұрғыда осы чат арқылы ата-аналар офицерлерге балаларының қызмет өткеруіне қатысты кез келген сұрақты қойып, жауап алады», - деді Р.Жангулин Парламент Мәжілісінде тілшілер сұрағына жауап бере отырып.
Оның айтуынша, аптасына екі рет мерзімді әскери қызметтегі әр сарбаз өз туыстарымен видео арқылы байланысқа шыға алады. Осы орайда бөлімшелер арнайы планшеттермен қамтамасыз етілген.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстан әскеріндегі заңсыз әрекеттерді анықтау үшін бейнебақылау жүйесі жаңартылмақ. Бейнебақылау камералары жасанды интеллект арқылы басқарылатын болады

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив