A+ A A-

talgatzhan 38 Кеше, 16:40 0

Өскеменде «Стоп пирамида!» семинары өтті

Бүгін / Өскемен

Іс-шараны ШҚО Экономикалық тергеп-тексеру департаменті мен қала әкімдігі ұйымдастырды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Семинарға жалпы білім беретін мектеп мұғалімдері мен колледж оқытушылары қатысып, қаржылық пирамидалардың белгілері, олардан сақтану жолдары туралы жан-жақты ақпарат алды. Сонымен қатар қатысушыларға ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі әзірлеген AI-офицер — AI_DOS көмегімен қаржылық қауіпсіздікке қатысты арнайы лекциялық материал ұсынылды.
Жиын барысында қала әкімінің орынбасары Болатбек Мамарбаев тақырыптың өзектілігіне тоқталды.
– Интернет алаяқтық – қазіргі қоғам үшін ең қауіпті қатерлердің бірі. Бұрын цифрлық қауіпсіздік туралы тек естісек, бүгінде бұл күнделікті өміріміздің бір бөлігіне айналды. Технологиялардың қарқынды дамуы, әсіресе жасанды интеллекттің кеңінен енуі үлкен жауапкершілікті талап етеді. Сондықтан біз тек технологияны пайдаланып қана қоймай, оны саналы түрде қолдануды үйренуіміз қажет. Бұл семинар – тек ақпарат алмасу емес, азаматтардың саналы көзқарасын қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам, – деді ол.
Өз кезегінде ШҚО бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының орынбасары Жасұлан Дәукенов алаяқтықтың алдын алудағы негізгі тәсілдерге тоқталды.
– Алаяқтар жаңа технологияларды тез меңгеріп, оны өз мақсаттарына пайдаланады. Сондықтан ең алдымен әр азамат өзінің жеке деректерін қорғауды үйренуі қажет. Бүгінгі семинарда біз қаржылық пирамидалардың қалай жұмыс істейтінін, олардан қалай сақтануға болатынын нақты мысалдар арқылы түсіндіреміз, – деді Жасұлан Дәукенов.
Семинар барысында қатысушылар қаржылық алаяқтықтың кең тараған түрлерімен танысып, интернеттегі қауіпсіздік ережелері бойынша практикалық кеңестер алды.
Мамандардың айтуынша, мұндай іс-шаралар қоғамның қаржылық сауаттылығын арттырып қана қоймай, алаяқтықтың алдын алуға және азаматтардың жеке қауіпсіздігін нығайтуға мүмкіндік береді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив