A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 14:30 0

Мәдени күндер аясында катонқарағайлықтар Өскеменде концерт ұйымдастырады

Бүгін / Өскемен / Катонқарағай

«Туған жер – алтын бесігім» жобасы аясында осы жұма күні Катонқарағай ауданының көрмесі мен концерті ұйымдастырылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

2 қазан 18:00-де ауданның шығармашылық ұжымы Шығыс Қазақстан облыстық филармониясы сахнасында өнер көрсетеді. Тұрғындарға аудан өнерпаздарының қатысуымен концерттік бағдарлама ұсынылады.
Ал 3 қазан күні таңертең «Алтай» көтерме-бөлшек сауда орталығында (Жібек жолы көшесі, 44) аудан өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді. Жәрмеңкеде тұрғындарға ет, сүт, май, балық, балық өнімдері, құрт, ірімшік секілді тағамдар ұсынылады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив