Қоғамдық кеңес сауалына жауап берген қалалық әкімдік өкілдері әзірге ондай жұмыс жүргізу жоспарда жоғын жеткізді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мәліметінше, арнайы жолақ ашу үшін әуелі дайындық қажет. Атап айтқанда, жол жүру жұмыстарының схемасын өзгерту, жол белгілерін салу және тиісті техникалық құралдарды орнату керек. Сонымен қатар жобаны уәкілетті органдармен келісу қажет.
Қазір автобустарға арналған арнайы жолақ жобасы бойынша бекітілген жоспарлар мен қолданыстағы бюджет енгізілмеген.
Қалалық билік бұл мәселені Қаныш Сәтпаев даңғылы, Жібек жолы және Базовая көшелері қиылысындағы жол айрығы құрылысы аяқталған соң қарауды жоспарлап отыр. Нысан пайдалануға берілген соң қаладағы көлік қозғалысының бағыты өзгеруі мүмкін.
Пікірлер