A+ A A-

talgatzhan 63 Бүгін, 10:50 0

12 жылдан кейінгі алтын: Төрехан Сабырхан Азиада чемпионы атанды

Бүгін / Республика / Спорт

Бокстан Ұлттық құрама мүшесі Төрехан Сабырхан Жапонияда өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарының чемпионы атанды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Финалда кіммен жұдырықтасты
Сүйінші хабармен Туризм және министрлігі бөлісті. Отандасымыз 70 келіге дейінгі салмақтың финалында Иордания өкілі Зеяд Ишаишпен кездесті. Шиеленісті өткен кездесуде Төрехан төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен 5:0 есебімен сенімді жеңіске жетті.

12 жылдан кейінгі алтын
Мәлім болғандай, бұл – Қазақстанның бокстан Азия ойындарында соңғы 12 жылда жеңіп алған алғашқы алтын медалі.

– Бұған дейін қазақстандық боксшылар 2014 жылы Инчхонда өткен Азия ойындарында чемпион атанған болатын. 2018 жылы Джакартада және 2022 жылы Ханчжоуда өткен Азия ойындарында Қазақстан құрамасы бокстан алтын медаль иелене алмады, – делінген ақпаратта.

Осылайша, Төрехан Сабырхан бокстан Азия ойындарындағы 12 жылдық үзілісті тоқтатып, Қазақстан құрамасына көптен күткен алтын жүлдені сыйлады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив