A+ A A-

talgatzhan 42 21-10-2024, 11:10 0

Биыл 9 айда баласына дұрыс тәлім-тәрбие бере алмаған 345 адам ата-ана құқығынан айырылды

Республика

Биыл 9 айда баласына дұрыс тәлім-тәрбие бере алмаған 345 адам ата-ана құқығынан айырылды. Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының сауалына Премьер-Министр Олжас Бектеновтің жауабына айтылған, деп хабарлайды  buqara.kz  сайтының тілшісі kazinform  сайтына сілтеме жасап.

«Бас прокуратура деректеріне сәйкес, кәмелетке толмағандар жасайтын құқық бұзушылықтың жоғары деңгейі сақталып отыр. Айталық, осы жылдың 9 айында балалар қылмысының 50 фактіге (2024 жылдың 9 айында – 1 263, 2023 жылдың 9 айында – 1213 қылмыс) өскені байқалады. 2024 жылдың 8 айында балаға тәлім-тәрбие беру міндетін лайықты орындамағаны үшін 84 мың заңды өкіл әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 345 адам ата-ана құқығын айырылды. Девиантты мінез-құлқы бар 125 жасөспірім балаларға арналған арнаулы мектепке жіберілді», - деп атап өтеді Үкімет басшысы. Айта кетейік, Жамбыл, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстарында және Алматы қаласында девиантты мінез-құлқы бар балаларға арналған 4 арнаулы мектеп бар. Оларда 161 бала тәлім-тәрбие алып жатыр. Сондай-ақ, Абай облысында ұстаудың айрықша режимі бар бір арнаулы мектеп (13 бала тәлім-тәрбие алып жатыр) жұмыс істейді. Абай облысында 26 адам ата-ана құқығынан айырылғанын жазған болатынбыз.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив