Ауданы әкімдігі мәліметінше, қазір Урунхайка ауылында «Марқакөл — шығыстың інжу маржаны» фестивалін ұйымдастыру, сахна орнату, алаңды абаттандыру секілді жұмыстар аяқталуға жақын, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Фестиваль бағдарламасына танымал қазақстандық өнерпаздардың қатысуымен концерт, бағалы сыйлықтар берілетін ұтыс ойындар, көрмелер, қолөнершілердің шеберлік сабақтары, сондай-ақ ұлттық тағамдар көрмесі енгізілді.
Өңірдегі туристік ақпараттық орталық мәліметінше, қонақтарды қабылдау үшін Урунхайка ауылында қонақүйлер мен киіз үйлер дайындап жатыр. Сонымен қатар жеке шатырмен келетін туристерге арналған кемпинг аймағы ұйымдастырылады. Фестиваль 31 шілде күні сағат 10:00-де басталады.
Айта кетейік, ауқымды мәдени шара Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы құрылғанына 50 жыл толуына орай ұйымдастырылып отыр.
Пікірлер