453.87 508.33 5.65
A+ A A-

ШҚО-да ақсақалдар мен белсенділерге сайлау бағдарламасы таныстырылды

ШҚО-да ақсақалдар мен белсенділерге сайлау бағдарламасы таныстырылды [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Бүгін ел көлемінде сайлау науқаны басталды. «Әділет» паритиясы атынан мәслихат депутаттығына үміткерлердің сенімді өкілдері Шығыс Қазақстан облысы орталығының тұрғындарымен кездесіп, сайлауалды бағдарламаларын таныстырды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Облыс орталығында депутаттыққа үміткер тұлғалардың сенімді өкілдері әуелі аузы дуалы ақсақалдармен және қала белсенділерімен кездесіп, сайлау бағдарламасындағы атқарылар шаралар барысын айтып, оның ел болашағы үшін өзекті екенін жеткізді.
 
Қала тұрғындарымен кездескен кандидаттардың сенімді өкілдері «Әділет» партиясының өңірлік сайлауалды бағдарламасы халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталғанын айта келе, Шығыс Қазақстан тұрғындары үшін лайықты жұмыс, коммуналдық жүйелердің сенімді қызметі, сапалы жол, қолжетімді білім мен медициналық көмек, отбасының әл-ауқаты және ертеңгі күнге сенім маңызды екенін алға тартты.
 
Сонымен қатар, қаланың ақсақалдарымен кездесу барысында лайықты қарттық – адамға және оның еңбегіне құрмет екенін де тілге тиек етті. Аға буын өкілдерінің қоғаммен араласуға, белсенді өмір сүруге, аурулардың алдын алуға және қоғам өміріне қатысуға мүмкіндігі болуы тиіс. Аға буынның цифрлық сауаттылығын арттыру бағдарламаларын жалғастырып, мемлекеттік және әлеуметтік қызметтерді цифрлық форматта еркін пайдалануға жағдай жасалады.
 
Олар "ӘДІЛЕТ" партиясының жеті флагмандық мақсатты анықтағанын айта келе, олардың әрқайсысы азаматтардың күнделікті өміріндегі маңызды мәселелерге қатысты екенін жеткізді. Олар тұрғын үй, денсаулық, жұмыс, табыс, ауылдың дамуы және балаларымыздың болашағы.
 
– Шығыс Қазақстанның болашағы тек бір облыс орталығының дамуымен шектелмеуі тиіс. Әр ауданның, қаланың және ауылдың келешегі, базалық инфрақұрылымға қолжетімділігі мен лайықты өмір сүру жағдайы болуы керек. Біз аумақтық әділеттілікті және қордаланған инфрақұрылымдық алшақтықты еңсеруді қолдаймыз, – деді.
 
Кездесу барысында тұрғын үй мәселесінің де өзекті екенін айтып, партияның өңірлік жоспарындағы атқарылар жұмыстар жайлы айтты. Өңірде 2031 жылға қарай бір тұрғынға шаққандағы орташа тұрғын үймен қамту 24,2 шаршы метрге жетеді. 2026–2031 жылдары 2 454 100 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі. Мемлекеттік қолдау атаулы сипатта болады. Ең алдымен тұрғын үй жағдайын жақсартуға мұқтаждығы жоғары отбасылар мен өңірлер қолдау алады, 2031 жылға қарай толық қамтуға қол жеткізіледі.
 
Апатты тұрғын үй қорынан азаматтарды көшіру үшін жыл сайын 21 пәтерден барлығы 126 пәтер беру қарастырылған.
 
Партия бағдарламасында 2031 жылға қарай жылумен және сумен жабдықтау, су құбыр желілерінің тозуын 53,6%-дан 36,3%-ға дейін төмендету көзделген. Бұл апаттардың азаюын және пәтерлерде, мектептерде, ауруханалар мен кәсіпорындарда жылу мен судың сенімділігін арттыруды білдіреді.
 
Ал 2031 жылға қарай тұтынушыларды жылу, электр энергиясы, су және газды есепке алатын заманауи құралдармен жабдықтауды толық аяқтау жоспарланған.
 
Партия бағдарламасына көрсетілгендей 2031 жылға қарай жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының үлесін 94%-дан 98,5%-ға жеткізу көзделген. Ол үшін 503,6 км жолды, көше-жол желісін, көпірлер мен құрылыстарды жөндеу және қайта жаңғырту қарастырылған.
 
Айта кетейік, кезекті мәслихат сайлауының үгіт-насихат жұмыстары 2 – 29 қараша аралығында өтеді. Бұған дейін Президент барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату, Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарын кезектен тыс сайлауды тағайындау, оны дайындау мен өткізуді ұйымдастыру жөніндегі шараларды  қабылдау туралы жарлыққа қол қойған болатын.
 
Дайындаған: «Әділет» партиясының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының баспасөз қызметі.
 
Тапсырыс беруші: Мекеева Ж.Ж
 
«Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарын сайлауда» партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ-ның сайлау қорынан төленді.


Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив