453.87 508.33 5.65
A+ A A-

Өскеменде қайырымдылыққа арналған тағы алты контейнер орнатылды

Өскеменде қайырымдылыққа арналған тағы алты контейнер орнатылды [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Қалада мұқтаж жандарға киім-кешек пен азық-түлік жинауға арналған контейнерлер саны артты. Енді қалада осындай тағы алты орын пайда болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Бұған дейін Карбышев көшесі, 54-үйдің маңы мен «Дина» базарында қайырымдылық жәшіктері орнатылған болатын. Енді бұл тізім тағы алты мекенжаймен толықты.
Контейнерлер «Вместе творим добро» волонтерлік қозғалысының қоғамдық қоры бастамасымен орнатылды. Әр жерде екі жәшіктен қойылған. Біріне азық-түлік, екіншісіне киім-кешек, аяқ киім, тоқыма бұйымдары мен аксессуарлар салуға болады.

Жаңа контейнерлер мына мекенжайларда орналасқан:

1. «City Center» супермаркетінің жанында («Дос-Нар» базары маңы);
2. «Заречный» базарының Абай даңғылы жағындағы негізгі кіреберісінде;
3. «Garage» тайм-клубының жанында (Бейбітшілік көшесі, 25);
4. «Altay Market» супермаркетінде (Жібек жолы көшесі, 44/1);
5. «Заря» базарында (ЖМК);
6. «Карим» дүкені жанында (Сәтбаев даңғылы, 84/4).

Еріктілер азық-түлік салғанда оның тез бұзылмайтын түрлерін таңдауды сұрайды. Атап айтқанда, жарма, қант, ұн, шай, консервілер мен өсімдік майын әкелуге болады. Өнімдер герметикалық әрі берік қаптамада болуы керек.
Ал тапсырылатын киім-кешек пен аяқ киім таза, киюге жарамды күйде болуы тиіс. Оларды пакетке салып, аузын мықтап байлаған жөн. Бұл заттардың бүлінуіне жол бермейді.

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив