453.87 508.33 5.65
A+ A A-

Елімізде ескі үйі бұзылатын тұрғындарға жаңа пәтер беріледі

Елімізде ескі үйі бұзылатын тұрғындарға жаңа пәтер беріледі [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Қазақстанда ескі үйлерді жаңарту бағдарламасы аясында тұрғындардың мүддесін қорғауға арналған жаңа кепілдік тетігі іске қосылды. Бұл туралы «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Алтай Күздібаев Астанада өткен сарапшылық талқылауда айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

Бүгін елордада «Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс — 2027: Қазақстан экономикасы үшін жаңа мүмкіндіктер» тақырыбында сарапшылық талқылау өтіп жатыр. Жиында тұрғын үй құрылысының қазіргі жағдайы, ескірген баспаналарды жаңарту және құрылыс саласына инвестиция тарту мәселелері қаралды.

Алтай Күздібаевтың айтуынша, бүгінде Қазақстандағы тұрғын үй қорының 46%-ы 50 жылдан астам уақыт бұрын салынған. Бұл ғимараттардың техникалық жағдайымен қатар, энергия тиімділігі де өзекті мәселеге айналып отыр.

— Қазір Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен жергілікті атқарушы органдар тұрғын үйді жаңарту бағдарламаларын жүзеге асырып жатыр. Бұған Көкшетау мен Алматы қалаларын мысал ретінде келтіруге болады. Астана мен еліміздің басқа қалаларында да осындай жұмыстар атқарылуда, — деді Алтай Күздібаев.

Компания басшысының сөзінше, биылдан бастап тұрғын үйлерді жаңарту жобаларына кепілдік беру тетігі іске қосылған. Оның басты мақсаты — ескі үйлердің орнына жаңа тұрғын үй салынған кезде меншік иелерінің құқықтарын қорғау.

— Біз тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторы ретінде биылдан бастап реновация жобаларына кепілдік беру тетігін іске қостық. Бұл ескі үйлердің иелерінің де мүддесін қорғауға мүмкіндік береді. Құрылыс компаниялары ескі аудандарды жаңартуға кіріскен кезде тұрғындарға құрылыс аяқталғанға дейін жалдамалы баспана берілуіне кепілдік қарастырылады. Сонымен қатар «бөлмеге бөлме» және тең құндылық қағидаттары бойынша тұрғын бұрынғы үйінің орнынан салынған жаңа ғимараттан тиісті пәтерін алуға кепілдік алады, — деп түсіндірді ол.

Осылайша, реновация бағдарламасы аясында ескі үйі сүрілетін тұрғындарға құрылыс кезеңінде уақытша баспана беру және жаңа үйден бұрынғы пәтеріне тең келетін баспана ұсыну көзделген.

Айта кетейік, сарапшылық талқылауда тұрғын үй құрылысының көлемін арттырумен қатар, инженерлік желілерді, көлік және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту мәселелері де көтерілді.

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив