Күні кеше Зайсан қаласының 155 жылдығы аясында «Топырағы алтын, болашағы жарық Зайсан» атты облыстық ақындар айтысы өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Аламан айтысқа Ұлықбек Есдәулетов, Серік Құсанбаев,Еркебұлан Зағыпаров, Әскерхан Ақтай және Қазбек Сейілханов қазылық етті. Шараны аудан әкімінің орынбасары Асхат Арынғазыұлы ашып, жиналған қауымды мерекемен құттықтады. Ақындар көтерген тақырыпқа қонақтар мен тұрғындар қол соғып, «беу, шіркін!» десті.
Тартысты жыр додасы қорытындысында жүлделі орындар келесідей Қуаныш Еркінұлы (Глубокое ауданы) бас жүлде иеленді. Одан бөлек:
І орын: Ардабек Ақбаба (Зайсан қаласы)
ІІ орын: Қуатбек Қуанар (Айнабұлақ ауылы), Ұларбек Жеңісбекұлы
ІІІ орын: Гүлжан Ықыласқызы (Катонқарағай), Айғаным Балғабаева (Шалқар ауылы)
Жеңімпаздарға тиісті марапаттар мен арнайы сый-сыяпаттарды қазылар алқасы салтанатты түрде табыстады.
Пікірлер