453.64 508.17 5.59
A+ A A-

Марқакөл ауданында ішкі саясат бөлімінің басшысы тағайындалды

Марқакөл ауданында ішкі саясат бөлімінің басшысы тағайындалды [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Марқакөл аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы болып Сұлтан Қуанғанов тағайындалды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілішсі.

Сұлтан Нұрланұлы жаңа лауазымға жалпы конкурс нәтижесі бойынша тағайындалды. Ол – Марқакөл ауданының тумасы. Жоғары білімді, «Дене шынықтыру және спорт» мамандығын бітірген.
Еңбек жолын 2017 жылы «Ұлан ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде волейболдан жаттықтырушы-оқытушы болып бастаған. Бұл қызметте 2024 жылға дейін еңбек етті.
Сонымен қатар 2019-2024 жылдары «Шығыс Қазақстан облысының волейболдан Ұлттық студенттік және мектеп лигасы федерациясы» қоғамдық бірлестігінде мектеп лигасының спорт директоры қызметін атқарды.
2025 жылғы 5 қаңтардан бастап «Марқакөл ауданы балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КММ директоры лауазымында жұмыс істеді.
Аудан әкімдігі Сұлтан Қуанғановқа сәттілік тілеп, жауапты жұмысында табысқа жетуіне тілектестік білдірді.

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив