A+ A A-

talgatzhan 25 23-09-2024, 10:52 0

ШҚО-дағы тұрақтандыру қорында қант келісі 437 теңгеден сатылып жатыр

ШҚО

Шығыс Қазақстан облысындағы тұрақтандыру қорында азық-түліктің 7 түрін арзандатылған бағамен сатып алуға болады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.


ШҚО Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының мәліметіне сүйенсек, өңір бойынша «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы АҚ тұрақтандыру қоры арқылы азық-түлік бағасы реттеліп отырады.


«Биыл қор картоп, сәбіз, пияз, қырыққабат бағасын тұрақтандыру үшін «Агрофирма Приречное» ЖШС-не несие берді. Өнімдерді өткізу маусымаралық кезеңде 2024 жылдың қарашасынан 2025 жылдың мамырына дейін басталады. Сондай-ақ бакалея өнімдері бағасын тұрақтандыру үшін «Алтай» көтерме тарату орталығына несие берілген», - делінген ақпаратта.


Азық-түлік жеңілдетілген бағамен «Ертіс» ӘКК сауда павильондары және Өскемендегі дүкендер желісі арқылы сатылады.


Бағасына қатысты айтар болсақ, қант келісіне - 437 теңге, рожки келісіне – 285 теңге, қарақұмық келісіне – 250 теңге, күріш келісіне – 460 теңге, күнбағыс майы литріне – 630 теңге, тұз келісіне – 70 теңге.


Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив