A+ A A-

talgatzhan 21 Бүгін, 18:40 0

Өскеменде 230 орындық жаңа балабақша ашылды

Бүгін / Басты / Өскемен

Бүгін Қала күніне орай Нұрлы жол көшесі, 59 мекенжайында «Family Island-3» балабақшасының салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Салтанатты жиынға облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов пен шаһар басшысы Алмат Ақышов қатысты. 

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Балаларды балабақшамен қамтамасыз ету мәселесін түпкілікті шешу қажет» деп, алдымызға нақты міндет қойған болатын. Бұл ретте жаңа балабақшалардың, соның ішінде жеке бастамалар арқылы ашылатын мектепке дейінгі ұйымдардың маңызы ерекше. Бүгінде Шығыс Қазақстан облысында 33 мыңнан астам бала мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылған, 380 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді. Оның 101-і Өскемен қаласында орналасқан. Қала қарқынды дамып, тұрғындар саны артқан сайын әлеуметтік инфрақұрылымды, оның ішінде мектепке дейінгі ұйымдар желісін кеңейту маңызды, - деді Нұрымбет Сақтағанов.

Заманауи талаптарға сай салынған ғимараттың жалпы аумағы 1500 шаршы метрден асады. Мектепке дейінгі ұйым 260 балаға арналған. Мұнда 11 топ жұмыс істейді. Балалардың жан-жақты дамуына жағдай жасау үшін балабақшада спорт және музыка залдары, медициналық кабинет қарастырылған. Оқу-тәрбие процесін 26 педагог қамтамасыз етеді. Жалпы балабақшада 40-қа жуық адам жұмыс істейді.

Салтанатты іс-шара соңында облыс әкімі жобаға атсалысқан құрылтайшылар мен азаматтарға алғыс білдірді. Сондай-ақ балабақша ұжымына сәттілік, ал тәрбиеленушілерге бақытты балалық шақ тіледі.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив