A+ A A-

talgatzhan 21 Бүгін, 19:00 0

Өскеменде жаңа ойын алаңы пайдалануға берілді

Бүгін / Өскемен

Бүгін Үлбі шағын ауданында жаңа қоғамдық кеңістік ашылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Алаңның ашылуына облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов қатысты. Мерекелік іс-шараға жергілікті тұрғындар мен балалар жиналды. Олар үшін концерттік бағдарлама, жәрмеңке, спорттық жарыстар ұйымдастырылып, түрлі тағамдар әзірленді.

Тұрғындар үшін заманауи балалар ойын алаңы, воркаут аймағы, баскетбол және волейбол алаңдары, демалыс орындары мен автотұрақ жабдықталды. Аумаққа 900 шаршы метр брусчатка және 1 508 шаршы метр тартан жабыны төселді. Мұнда 24 қоқыс жәшігі, 24 орындық және әткеншектері бар екі беседка орнатылды. Келесі кезеңде футбол алаңын салу жоспарланып отыр.

Үлбі шағын ауданы ақсақалдар кеңесінің төрағасы Төлеген Нариманұлы тұрғындарды құттықтап, қуанышын жеткізді. 

- Осындай керемет тарту жасаған облыс және қала басшылығына көп рахмет. Біз мұны көп жылдан бері күттік. Биыл қаңтарда тұрғындар қала әкіміне өз ұсыныстарын жеткізген еді. Сол кезде жұмыстың қолға алынатындығы мәлім болды. Міне, бүгін соның нәтижесін көріп отырмыз, - деді ол.

Айта кетейік, абаттандыру жұмыстары 12 маусымда басталып, 30 тамызда аяқталды. Енді жаңартылған алаң тұрғындар спортпен шұғылданып, балалар уақытын тиімді әрі пайдалы өткізуге арналған заманауи жерге айналды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив