A+ A A-

talgatzhan 21 Бүгін, 19:05 0

Өскеменде комьюнити-орталық салынды

Бүгін / Өскемен

Қала күні қарсаңында Самсоновка ауылында да жаңа нысан ел игілігіне берілді. Мұнда комьюнити-орталық ашылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бұған дейін дүкен орналасқан ғимарат қайта жаңғыртылып, бүгінде ауыл әкімдігі, учаскелік полиция пункті, акт залы және қажетті кабинеттер орналасқан. Ең бастысы, тұрғындар үшін бас қосып, маңызды мәселелерді талқылауға және өз бастамаларын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін ортақ кеңістік пайда болды.
Мұнда балалар мен жастар түрлі іс-шаралар өткізіп, тұрғындар бас қосып, жергілікті қоғамдық бірлестіктер өз жұмыстарын жүргізе алады.

Осындай жобалар қаланың орталығымен ғана шектелмей, елдімекендердегі қалыптасқан ортаны да өзгертеді. Бос жатқан аумақтар мен ескі ғимараттар жаңаша түрленіп, халық үшін кездесуге, спортпен шұғылдануға, демалуға және уақытты бірге өткізуге қолайлы орындар көбейіп келеді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив