A+ A A-

talgatzhan 44 Бүгін, 11:05 0

Өскеменде автобуста қызға тиіскен ер адам жауапқа тартылды

Бүгін / Өскемен

Облыс орталығында қоғамдық тәртіпті бұзған 31 жастағы ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Оқиға 30 тамызда қоғамдық көліктердің бірінде болған. Полицияның мәліметінше, ер адам автобустағы қыздың иығы мен арқасына қол тигізген.
Құқық бұзушының жеке басы анықталып, полиция бөліміне жеткізілген.
Іс сотта қаралып, ер адамға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі 449-бабының 1-бөлігі бойынша ескерту түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив